ƏЙЕЛ ЖЕРДЕН ШЫҚҚАН ЖОҚ,
О ДА ЕРКЕКТІҢ БАЛАСЫ.
ЕРКЕК КӨКТЕН ТҮСКЕН ЖОҚ,
ƏЙЕЛ - ОНЫҢ АНАСЫ!
Алған жарың жақсы болса, ат үстінен дүбір ет,
Алған жарың жаман болса, шиге кіріп сыбыр ет.
***
Атасы жаман алғанын жамандайды,
Туысы жаман туғанын жамандайды.
***
Атың жаман болса, арманың кетеді,
Алғаның жаман болса, мейманың кетеді.
***
Əйел ерден кетсе де елден кетпейді.
***
Əйел қырық шырақты.
***
Күйеусіз əйел үйде тұрмас,
Баусыз оймақ қолда тұрмас.
***
Байтал-жүйрік - парқы жоқ,
Қатын-шешен - нарқы жоқ.
***
Бақпаса - мал кетер,
Қарамаса - əйел кетер.
***
Екі əйел алғанның құлағы тынбас,
Есекке мінгеннің аяғы тынбас.
***
Ерін баққан əйел елін де бағады,
Ерге жаққан əйел елге де жағады.
***
Ер көңілін кім ашар, жарқылдаған жар ашар,
Ат көңілін кім ашар, қадірін білген ер ашар.
***
Ерлі-зайыптының ортасына есі кеткен түседі.
***
Еркек сергек ұйықтаса, ырыс бітеді,
Əйел сергек ұйықтаса, жұмыс бітеді.
***
Еркек дауысты əйелде ұят болмас,
Əйел дауысты еркекте қуат болмас.
***
Жақсы əйел теңі жоқ жолдас, түбі жоқ сырлас.
***
Жақсы болса алғаның, үйіңнен кісі кетпейді,
Жаман болса алғаның, шын досың да шеттейді.
***
Жар қадірін білмесең, жалғыздық берер жазаңды.
***
Өзіне қарай қосағы, қосағына қарай ошағы.
***
Алқызыл гүл - жердің сəулеті,
Асыл жар - ердің сəулеті.
***
Екі əйел алғанның дауы үйінде,
Жаман əйел алғанның жауы үйінде.
***
Екі жақсы қосылса, өлгенінше дос болар,
Екі жаман қосылса, өлгенінше өш болар.
***
Еркек - бас, əйел - мойын.
***
Бəйбішеге малын берер, тоқалға жанын берер.
***
Əйел өлсе үйің кетеді, басыңнан күйің кетеді.
***
Жақсы əйел - жігітке біткен бақ,
Жақсы жер, жайлы қоныс - алтын тақ.
ЖасСақ тобы!