"Кұлдіргіш" Т. ҚАБАТОВКЕ! "(Қазақ) уф, деді де жаңағы бала құсап жөнімен кетті, ЖЕР БОЛСА БОС ЖАТЫР" - Сатира актері Т.Қабатовтің қазақ туралы әзілінен "Қатпа бала дегенде, қатпа бала! Аузыңа келгеніңді шатпа бала!" - Мұқағали Мақатаев Ей, "күлдіргіш" бауырым Қабатов! Қазақстаннан егін салуға, мал жайюға жарайтын бір бос жер тауып берші! Мен саған "танауымды" кесіп берейін. Ондай жердің бәрі меншікке өтіп кеткен. Қазір ауыл маңайында шаруаның малын жаятын жері жоқ. Алматы облысында мола тұрған жерде сатылып, жер иесі қайтыс болған адамды ата- бабасының қасына жерлетпей, қаншама күн мәйіт иістеніп кеткенше жатып дау болғанын білесің бе? Ақтөбе облысында жер тұрмақ, Қытайлар мемлекттің жолымен Қазақстандықтарды тегін жүргізбей, пост жасап ақша алғанын білесі бе? Шымкентте қаншама табиғаты тамаша жерді қоршап алған Арап шейхі, қазақтарды сол жердің маңайынан жүргізбейтінін білесің бе? Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облыстарында қаншама ең шұрайлы егін салатын жер Қытайлардың иелігінде екенін білмейсің бе? Ал, жәй қара қазақ өздеріне тиесілі, он сотық жерге қолы жетпей жүргенін қалай білмейсің? Күлдіргіш баурым, "бүлдіргіш" болмай, айтқыш болсаң, айтсаңшы; үш - төрттен кредит алып төлей алмай зар жылаған халықты, шарасыздықтан қалаға келіп, баспанасыз, жұмыссыз қайыршының күнін кешіп жүрген ауыл жастарының жағдайын, халықты қан - қақсатып жеп отырған меншік банктерді, сол банктерге жегендері аз болғандай, халықтың салығынан жиналған трллиондаған ақшаны оларға "көмекке" беріп жатқанын айтып күлдірсеңші! Айтқыш болсаң, итшілеп күн көретін 30 -40 мың теңге жалақы алатын мұғалім, дәрдігер, мәдениет пен өнер саласының қызыметкерлері, жәй халықтың жалақысымен, 600 000 - нан 1500 0000 - ға дейін жалақы алатын депутаттар мен министрлер, облыс әкімдерін, банкирлер мен биліктегілердің жер мен көктей өмір сүру айырмашылығын неге күлкі етпейсің! Айтқың келсе айтар мәселе көп! Бірақ, сен оны айтпайсың! Себебі, "Көкелеріңнің" той - томалағынан жеп жүрген "Майшелпегіңнен" айрыласың! Мен бар саналы өмірімді киелі саханада өткізген адаммын. Сенің бір ауыз "шатпақ" сөзің үшін қазір халық артисттерді жерден алып, жерге салып, жерге тығып жатыр. Сен үшін біздің "бетімізден отымыз шығып" отыр Бұл ісің масқара болды! "Кеудеңе нан піспесе" қазақты "ақамақ балаға", жерді "ойыншыққа" теңеген дөрекі мазағың үшін халықтан кешірім сұра! "Қатпа бала деген де, қатпа бала!" Шектен шығып, сандалып лақпа бала! Жер - Ананы күлкі етіп саханадан, "Аузың күйіп" қалмасын "отқа" бала! "Қатпа бала деген де, қатпа бала!" "Көкелерге" Қазақты сатпа бала! "Клоуны биліктің" атанғанша, Ел - жұртыңнын сенімін ақта бала! Сатирик "Көкең": АЙМҰХАНБЕТ

Теги других блогов: Сатира Кұлдіргіш Т.Қабатов