Қыздың ары - ұлттың ары! Баяғыда Хожай деген бай саудагер болыпты. Бұрыңғылалардың "Ер Қосайдың жолын берсін, Хожай саудагердің саудасын берсін"- дейтін батасында бар. Бұл Хожай саудагер бір күні Ер Қосайға мақтаныпты: - Арғынның Ақсары биінің үйінде жатамын. Ардақты қызы Ботагөз сұлу некелі қатынымдай, - деп. - Сені қойнына алмайды, - деп Ер Қосай екеуі ерегесіп бәстесіпті. Егерде сарттың сөзі рас болса, Қосай бар жиған-тергенін сартың алдына салып береді. Қожаның сөзі жалған болса маңдайындағысын Қосайдың қолына тапсырмақшы болады. Базар тарқап, Қосай мен Хожай саудагер Арғынның Ақсары биінің ауылына келеді. Қатын-қалаш, бала-шаға бәрі үймелеп келіп жатыр. Хожай дүниені аямай шашып-төгеді. Келгендердің бірі - Ботагөз сұлу. Бәрі тарқаған кезде Ботагөз сұлуды Хожай бай жалғыз алып қалып, жалынып: - Баяғыдан бері алдадың, енді бүгін қойныңа ал! - деп жабысыпты. Қыз айтыпты: - Ит ас ішетұғын итаяққа жылы су төгейін, соны іш. Мені шын жақсы көретіндігіңді дәлелдесең, білгеніңді қыл - депті. Хожай сорлы қыздың не айтқанын орындайды. Қыз: - Тойдың ба, шөлің қанды ма? - депті. Хожай: - Дүниеде сусын іздеместей шөлім қанды, - деп жауап қатады. - Ендеше осы тойғаның да жетер. Итаяқтан адам ішпес, ішкен сарттың астына ит те жатпас! - деп, қыз үйіне тұра жөнеліпті. Аналарымыз ұлтты осылай сақтаған. Байлық үшін ешкімнің астына жатпаған!

Теги других блогов: Қыздың ары Хожай Ер Қосай