🔈🔉🔊🔊
Жастар жайлы ащы шындық!!
Ақыл айтар жан жоқ па жастарға бұл,
Қиял қуып көбісі аспанда жүр.
Бұрыңғыны аңсайсың тым өзгеше,
Бүгінгіден, себебі, қашқан қадір.
Əкелер жоқ өмірдің дəмін көрген,
Ұрпағына иманның нəрін берген.
Қырық үйден қызына тиым салып,
Ұлдарына қабақпен тəлім берген.
Шешелелер жоқ қуатын шырқыратып,
Сай сүйегін ұл-қыздың сырқыратып.
Анау қызды қарашы қазақ қызы,
Темекісін тартып тұр бұрқыратып.
Бара жатыр бұл жастар қайда адасып,
Жұптар қəне, кешегі айға ғашық?!
Анау ұлға қарашы қызыменен,
Сүйісіп тұр көшеде аймаласып.
Ұят қайда, ар қайда, ақыл қайда,
Қазақ деген қастерлі атың қайда?
Біле тұра солардың ата-анасы,
Тәрбиенің төріне шақырмай ма?
Тиіп жатыр шетелдің қатты əсері,
Қазағым-ау, қимаймын жатқа сені.
Осы жастар көшеде сүйіспесе,
Қоқыстарда шарана жатпас еді.
Көз ашпадық бұл күннің көкегінен,
Ұстап алған шайтанның жетегінен.
Осы қыздар темекі тартпағанда,
Тартпас еді жігіт те етегінен.
Несі қалды ақ арын таптамаған,
Несі қалды əдептен аттамаған.
Сабақ десе қашатын сондай қыздар,
Сабақ алып өседі шатханадан.
Азғындықтың ілініп қармағына,
Жете алмаған жастар көп арманына.
Ауырады жүрегің ауырады,
Көзді салып қарасаң жан-жағыңа.
Бұны енді қателік, жаза делік,
Жатыр қанша құшаққа азап еніп.
Етіміз де үйренді бəріне де,
Қарттар үйін білмейтін қазақ едік.
Қойшы, жарар, қайсысын түгендейсің,
Əр адамның санасы білер дейсің.
Ақылыңды айтқанмен ақылсызға,
Ақылды ғып бір сəтте жібермейсің.
Тым болмаса ертеңің бір ойлап па,
Олар үшін білмеймін Құдай жоқ па?
Осы күнде қарашы толып кеткен,
Экранның беті де жын-ойнаққа.
Одан қалды интернет жаулап алған,
Барлығының көңілің баурап алған.
Телефонға телміріп бас алмайды,
Қазір келіп алса да жау жағаңнан.
Олар үшін сол жерде нағыз жұмақ,
Үндемес ек тыңдаса уағыз бірақ.
Əкесінің ашулы бейнесінен,
Көріп жатқан порносы маңыздырақ.
Айтты енді демеңдер тым қаттырақ,
Ақиқатты бұл күні кім жақтырад(ы)
Анасының айтатын ақылынан,
Жұлдыздардың өмірі қымбаттырақ.
Бізге қашан ғажап күн бұйырады,
Ұлт пен тілдің жағдайы қиын əлі.
Қайрат пенен Лəззатты білмейтіндер,
"Тоқсан бірдің" əніне сиынады.
Мен де жаспын тек үнсіз қала алмаймын,
Сол себепті ортама алаңдаймын.
Жақсысы бар ішінде имандысы,
Барлығына мен күйе жаға алмаймын.
Жастар, менің жырымды ұғыңыздар,
Бастарыңды бір сəтке бұрыңыздар.
"Мен жастарға сенем" - деп Мағжан айтқан,
Сенімінен ендеше шығыңыздар!!
ТОРҒАЙЛЫҚ АҚЫН - САЯТ ƏБЕНОВ