ҚАЗАҚТЫҢ БОЛМЫСЫ Қазақтың аманаты - Жер-Ана! Құжаты - Тасқа басылған тарихы! Генетикалық коды - Салт-дәстүрі! Қазақтың панасы - Ұлы даласы! Қазақтың мәңгілігі - Ана тілі! Ұраны - Алаш! Қайсарлық символы - Көк бөрі! Жаны - Арының садақасы! Тамыры - Шежіресі! Тектілігі - Жеті ата! Киелісі - Шаңырақ! Берекесі - Тайқазаны! Иманы - Жүрегінде! Бәсі - Тәуекелінде! Мінезі - Сертінде! Бары - Қанағатында! Құшағы - Кеңдігінде! Көңілі - Қонақжайлылығы! Бет пішіні - Иманжүзді! Әділдігі - Тура биінде! Ырысы - Киіз үйінде! Күші - Бірлікте! Сағынышы - Жусанның иісінде! Сырласы - Табиғат! Қазақтың үні - Домбыра! Ғажайыбы - Күйінде! Шаттығы - Қара жорға биінде! Келбеті - Ұлттық киімінде! Нышаны - Ою-өрнегі! Тағылымы - Данасында! Мейірімі - Анасында! Еркелігі - Баласында! Қанаты - Тұлпары! Байлығы - Ұрпағы! Салтанаты - Тойында! Алғысы - Батасында! Думаны - Айтыс! Өнері - Жыр,термесі,өлеңі! Биіктігі - Хантәңірі! Өркениетінінің белгісі - Алтын адам! Рухани ордасы - Түркістан! Ғаламдағы орны - Қазақстан! Қазақтың тәжі - Астана! Болашағы - Намысшыл Жастары